АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Халықаралық бокс ассоциациясы (AIBA) Астанада мамыр айында өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын әуесқой бокс әлеміндегі 2016 жылғы ең үздік оқиға деп атады деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
"Бұл 2016 жылғы ғана емес, әйелдер боксының 15 жылдық тарихындағы ең үздік чемпионат, — депті AIBA әйелдер комиссиясының төрайымы Джойс Боуэн. – Оның ауқымдылығы, ұйымдастырылу деңгейі және Қазақстан халқының бүкіл қатысушыларға көрсеткен қонақжайлығы мені тәнті етті. Қазақстан бокс федерациясының осы бір марапатқа ие болғанына қатты разымын, олар басқа ұлттық федерацияларға осындай спорттық шараларды қалай өткізу керектігін көрсетті", — дейді ол.
Марапаттау салтанатына қазақстандық тараптан AIBA вице-президенттері Тимур Кулибаев пен Серік Қонақбаев, ҚБФ атқарушы директоры Бекжан Бектенов, ҚБФ халықаралық байланыстар жөніндегі координаторы Динара Болатбекқызы қатысты.