АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Аты шулы бейнежазбаға түсті деп болжанып отырған мәжіліс депутаты Мұхтар Тінекеев сәрсенбі күні палатаның жалпы отырысына сырқатына байланысты қатыса алмады деп мәлімдеді оның әріптесі – депутат Глеб Щегельский.
Сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысына Тінекеев қатыспады.
"Мұхтар Бәкірұлын сұрайтын болсаңыз – оған хабарласқалы тұрмын, ол қазір ауруханада. Бүгінге белгіленген жоспарлы тексеруден өтіп жатыр. Жүрегінде сырқаты бар. Кеше таңертең комитеттің кеңейтілген отырысы болған еді, ол соған қатысты. Сағат үште жұмыс тобын жүргізіп, төртке жиырма минут қалғанда ауруханаға кетіп қалды", — деді Щегельский тілшілерге отырыстан кейін.
Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде жарияланған аты шулы бейнеде ішімдікке тойып алған ер адамдар жанжалдасып жатыр. Төбелеске қатысушылардың бірі мәжіліс депутаты Мұхтар Тінекеевке, екіншісі – Қарағанды мәслихатының депутаты Николай Полевойға ұқсайды.