АСТАНА, 20 жел — Sputnik. ҚР Ұлттық банкі 2016 жылы теңге депозиттері көлемінің артып, шетелдік валютада сақталған депозиттер санының төмендегенін анықтады деп хабарлайды Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.
"2016 жылы депозиттер құрылымында өзгерістер болды. Теңгемен сақталған депозиттер 11 ай ішінде, бастапқы мәліметтер бойынша, 53,2%-ға өсті, шетелдік валютада 10%-ға қысқарды. Нәтижесінде депозиттердің долларландырылуы 2016 жылғы қаңтардағы ең жоғары көрсеткіш 70%-дан 2016 жылы қарашада 56,7%-ға дейін төмендеді", — деді Ақышев сейсенбі күні үкімет отырысында.
Оның сөзіне сүйенсек, заңды тұлғалардың теңге мен шетелдік валютада жинақталған депозиттер саны теңелді.