Әлем

Якутиядағы ұшақ апаты: зардап шеккен төрт адамның хәлі аса ауыр

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастапқы мәлімет бойынша, ұшақ апатының себептері – бүйірден соққан қатты жел, сондай-ақ экипаждың қателік жіберуі де мүмкін.

АСТАНА, 19 жел — Sputnik. Якутияда Ил-18 ұшағының апатты жағдайда қонуынан зардап шеккен отыз төрт адамның хәлі ауыр, төртеуі аса ауыр хәлде жатыр, оларды федералдық ауруханаларға жеткізеді деп хабарлады аймақты денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Вербицкая РИА Новости агенттігіне.

ИЛ-18 - Sputnik Қазақстан
Якутияда ұшақ апаты болды: бәрі аман

"Зардап шеккен төрт адамның жағдайы аса ауыр, омыртқаларына зақым келген. Қазір дәрігерлер оларға жәрдем көрсетіп, дәрі-дәрмек беруде. Содан кейін федералдық ауруханаларға жеткізіледі – дәл қазір зардап шеккендерді тасымалдауға дайындық жүріп жатыр. Сонымен қатар, 34 адамның денсаулығы тексерілуде, бәлкім, біразын сонда жеткізіп немесе Якутскіге апаруы мүмкін", — деді агенттікке сұхбат беруші.

Ұшақ дүйсенбі таңертең Тикси елді-мекеніне жақын жерге апатты жағдайда қонды. Бастапқы мәліметтер бойынша, ұшақтың бортында әскери қызметкерлер ғана болған. Жолаушылар мен экипаж мүшелері апат орнынан ауруханаға жеткізілді. 

Жаңалықтар
0