АСТАНА, 19 жел — Sputnik. Якутияда РФ қорғаныс министрлігінің Ил-18 ұшағы апатты жағдайда жерге қонды. Борттағылардың бәрі аман, 16 адам ауыр жарақат алды деп жазады РИА Новости Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні Ил-18 Якутиядағы Тикси елді мекеніне жақын жерге құлады. Ұшақтың бортында 32 жолаушы, 7 экипаж мүшесі болған. Ұшақ апатына себеп болған, алдын ала болжам бойынша, ұшақты басқаруда жіберілген қателік пен күрделі ауа райы жағдайы.
"Оқиға нәтижесінде барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері аман қалды. 16 адам ауыр жарақат алды. Оларды іздеу-құтқару қызметінің тікұшақтары Тиксидегі емдеу мекемелеріне жеткізді", — деп хабарлады әскери ведомствода.
"Оқиға орнынан берілген баяндама бойынша, ұшақ бүгін сағат 4:45-те Тикси аэродромынан 30 км қашықтықта апатты жағдайда қонған. Ұшақ Канск аэродромынан жоспарлы түрде ұшқан болатын", — деді РФ Қорғаныс министрлігі.