АСТАНА, 19 жел — Sputnik. Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы жексенбі күні 2018 жылғы Олимпиада ойындарының пре квалификациясындағы үшінші матчта Венгрия құрамасынан 2:5 есебімен ұтылды, сөйтіп турнирді F тобында соңғы орында аяқтады.
Норвегияда 16-18 желтоқсан аралығында өткен F тобы матчтарында мұз айдынға Норвегия, Қазақстан, Словакия және Венгрия құрамалары шықты. Қазақстан қыздар құрамасы алғашқы екі матчта Словакия (0:3) және Норвегия (0:5) командаларынан ұтылып қалды. Ал жексенбі күні өткен Венгрия құрамасына қарсы ойыннан қазақстандық хоккейшілерге келіп-кетер ештеңе жоқ еді. Алғашқы екі ойыннан кейін алты ұпай иеленген Норвегия құрамасын қуып жету мүмкін емес болатын, ал финалдық кезеңге жолдама бірінші орын алған командаға ғана беріледі.
Венгрия құрамасының бірінші орыннан үміті болды, ол үшін қатар өтіп жатқан матча Словакия командасы Норвегияны жеңуі тиіс болатын. Дегенмен бірінші периодта қазақстандықтар жеңіске құлшынған қарсыластарға қарсы тұра білді, екінші жиырмаминуттықта Ханна Пинтер екі рет, Вивиан Самоджий бір рет Қазақстан қақпасына гол соқты, оларға Татьяна Королева жауап берді. Қорытынды кезеңде Доротеи Меджис пен Тифани Хорвац қақпаға шайба тоғытып, оларға Меруерт Рыспек жауап қатты.
Венгрия құрамасына бұл жеңіс тек екінші орынды әкелді, себебі Норвегия құрамасы Словакия командасын 6:2 есебімен ойсырата ұтты.