АСТАНА, 18 жел – Sputnik. Шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы сенбі күні Еурошақыру Кубогының төрт дүркін жеңімпазы атанды.
Еурошақыру Кубогы биыл Гданьск қаласында 15-17 желтоқсан аралығында өтті. Оған төрт елдің құрамалары қатысты: Польша, Қазақстан, Украина және Оңтүстік Корея.
Қорытынды матчта Қазақстан Польша құрамасын негізгі уақытта 2:1 есебімен жеңді. Бірінші периодта қазақстандық Константин Савенков пен Антон Петров бір-бір шайбадан лақтырса, екінші жиырмаминуттықта польшалық Бартош Фражко гол соқты.