АСТАНА, 17 жел – Sputnik. Түркияның орталық бөлігінде Кайсери қаласында университеттің маңында автобус жарылып, салдарынан бірнеше адам қаза тапты тағы біразы жарақаттар алды, деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Автобус әскери қызметкерлерді тасымалдаған деп хабарланады. Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері жетті. Әзірге ешкім жарылыс үшін өзіне жауапкершілік алған жоқ. Құрбан болғандардың нақты саны әзірге белгісіз.
Бір апта бұрын 10 желтоқсанда Стамбулдың орталығындағы футбол стадионы маңында екі жойқын жарылыс болды. 44 адам қаза тапты, олардың 37-сі полиция қызметкері. Билік террорлық актіні елде тыйым салынған Күрдістанның жұмыс партиясы ұйымдастырды деп айыптады. Кейіннен теракт үшін жауапкершілікті өзіне "Күрдістан еркіндігі қаршығалары" радикалдық таптамасы алды.