Әлем

Стамбулдағы терактіден кейін Түркияда қарлы күн жарияланды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуТүркия
Түркия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркиядағы терактілерде қаза тапқандар саны өзгеріссіз - 29 адам.

АСТАНА, 11 жел – Sputnik. Стамбулдың орталық бөлігінде екі жарылыстың орын алуына байланысты бір күнге  ұлттық аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Соңғы деректерге сәйкес, Стамбулдағы екі терактінің құрбандар саны 29-ға жетті. Бұл ретте олардың 27-сі полиция қызметкерлері. Жарылыстардан зардап шеккендер саны 166 адамға өсті. Терактілерде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. 

Daily Sabah басылымының ақпараты бойынша, Түркия премьері Бинали Йылдырым бір күндік ұлттық аза тұту туралы жария ететін жарлыққа қол қойды. Ол сондай-ақ бұл терактінің жазасыз қалмайтындығы мен бұл шабуылдың халық бірлігін бұза алмайтындығы туралы мәлімдеді. 

Стамбулдың орталығында екі теракт болып, 30-ға жуық адам қаза тапты. Бастапқыда Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу Астана уақытымен сағат 01.30-да Стамбулдың орталық аудандарының бірі Бешикташтағы "Водафон Арена" стадионы маңында жарылыс орын алғанын хабарлаған. Министрдің ақпаратына сәйкес, жарылыстар орын алған аудандардың бірінде футбол матчының күзетін қамтамасыз еткен полицейлер мінген автобус өтіп бара жатқан. Кейіннен ол екінші жарылыстың болғанын хабарлады. Болжам бойынша жарылысты жанкешті жасаған. Теракт 1,5 сағат бұрын Түркиялық "Бешикташ" және "Бурсаспор" командалары арасында матч өткен стадион маңында орын алды.


Жаңалықтар
0