АСТАНА, 16 жел – Sputnik. Қазақстандық режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың тарихи драмасы "Аманат" "Оскар" сыйлығының "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясы шорт-парақшасына енбей қалды.
РИА Новости агенттігінің хабарлауына сәйкес, "Оскар" сыйлығының шорт-парақшасына Австралия, Канада, Дания, Ресей, Германия, Ирина, Норвегия, Швеция және Швейцарияның тоғыз картинасы кірген. Оның ішінде ресейлік режиссер Андрей Кончаловскийдің "Рай" (Жұмақ) фильмі кірген.
Лонг парақшада 85 фильм болған. "Аманат" драмасы Қазақстан тарихының үш кезеңін қамтиды — XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырға дейінгі кезең. Фильм қазақтың ұлттық батыры – Кенесары Қасымов және оның ұлт азаттық көтерілісі туралы жазғаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы саяси тұтқын Ермұхан Бекмахановтың тағдыры жайлы. Қазақстан алғаш рет 1992 жылы "Оскар" сыйлығына фильм ұсынған болатын. 2006 жылдан бері отандық фильмдерді жыл сайын ұсынып келеді. Республика жылына шамамен 15 фильм түсіреді.