АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. Сатыбалды Нармыбетовтың Қазақстан "Оскар" сыйлығына ұсынған "Аманат" тарихи драмасы лонг-листке енді.
85 кинофильмнен тұратын тізім кино сыйлық ұйымдастырушыларының сайтына шығарылған.
Қазақстан тарихының 19 ғасырдан бастап 20 ғасырға дейінгі үш кезеңін қамтитын драма қазақтың ұлттық батыры – Кенесары Қасымов және оның ұлт азаттық көтерілісі туралы жазғаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы саяси тұтқын Ермұхан Бекмахановтың тағдыры жайлы.
Қазақстан алғаш рет 1992 жылы "Оскар" сыйлығына фильм ұсынған болатын. 2006 жылдан бері отандық фильмдерді жыл сайын ұсынып келеді. Республика жылына шамамен 15 фильм түсіреді.