АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қақтығысты бастамауға адамзаттың ақылы жетеді деп үміттенеді.
"Адамзат өзін-өзі ядролық қарумен жоятындай ақылынан адаспайды деп ойлаймын. Біздің бастамаларымыз қолдау тауып, ақыры соңында ғаламшарымызға төніп тұрған қауіп мәселесі шешіледі деп үміттенемін", — деді Назарбаев бейсенбі күні Қазақстанның Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиын барысында.
Елбасы еске сала кеткендей, жұма күні 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан Тәуелсіздігінің екінші 25-жылдығына қадам басады. "25 жылдан соң қазақстандықтар республика тәуелсіздігінің 50 жылдығын атап өтеді, бұл кезеңнің бейбітшілік кезеңі болғанын қалаймын, тек қана біздің елде ғана емес, қоршаған әлемде де: Ресейде, Қытайда, Орталық Азиядағы көршілес елдерде және бүкіл дүние жүзінде. Бір ғана елде бәрі жақсы болады деп ойлап, жоспар құру мүмкін емес", — деді мемлекет басшысы.