Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылы Қазақстанды қалай елестетеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚазақстандықтар тумен
Қазақстандықтар тумен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президентінің сөзіне жүгінсек, 2050 жылға дейін мемлекетіміз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енеді.

АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай өткізілген салтанатты жиын барысында 2050 жылы республиканың қандай жетістіктерге жететіні туралы сөз қозғады.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев: Қазақстан "дамылсыз" адамдардың арқасында өз күшіне сенімді

"Уақыт жылдам өтеді, жаңа сапалы даму – халықтың алдағы он жылдағы басты идеясы, сол себепті алдағы жылдарда алға қойған стратегиялық мақсаттар мен жоспарларға жету үшін қоғамның күшін біріктіруге ат салысамын", — деді Назарбаев.

Индустрияландыру, урбандалу және бэйби-бум

Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің құрамына енеді әрі елде орта таптың үлесі басым болады. 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес барлық ЖІӨ-нің кем дегенде 50%-н қамтитын болады, ал ұлттық экономика еңбек өнімділігінің артуы есебінен дамиды.

"Энергияның жұмсалуы екі есе төмендейді, негізгі капиталдағы инвестициялар үлесі 30%-ға дейін жеткізіледі. Бүкіл әлем сияқты біз де урбандалуға ұмтыламыз: 2050 жылға қарай Қазақстандағы қала тұрғындарының саны бүкіл халықтың 70%-на жетеді, 380 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады…", — деді мемлекет басшысы.

Зейнетақы төлеу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
2017 жылы бала туғанда төленетін жәрдемақы мен зейнетақы 20%-ға өседі

Елбасының есептеулері бойынша, Қазақстан халқының саны 25 миллионға жетеді, олардың ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық үлесі 11 миллион адамды құрайды. "Сол себепті жаңа туылған нәрестелерге қаражат береміз, көбірек туылсын дейміз: әлемдік сарапшылардың пікірінше, туу көрсеткіші 2,11%-дан кем болса, кез келген ұлт 25 жылда жойылады. Сол себепті қазіргі таңдағы Қазақстандағы бэйби-бумды қолдау керек", — деді Назарбаев 2017 жылы баланың туылуына байланысты төленетін бір реттік жәрдемақыны 20%-ға көтеру туралы өкімін түсіндіріп.

"Бұл – утопия емес"

"Айтқанымның бәрі утопия емес, 2030 бағдарламасын қабылдаған кезде, оны да утопия дегендер болды, алайда біз бағдарламаны екі есе жылдам 15 жыл ішінде жүзеге асырдық", — деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы: Мен үшін туған Қазақстанымызға қызмет етуден асқан бақыт жоқ

Қазақстан президенті атап өткендей, "жеті жыл бұрын басталған жаһандық дағдарыс ешқайда кеткен жоқ, керісінше гипердағдарысқа айналды әрі күннен-күнге күшейіп барады". Елде қабылданған жаңа бағдарламалар мен заңдар республикадағы ахуалды жақсартты.

Елбасының сөзіне сүйенсек, әлемдегі бүкіл елдер жаңғырмалы энегрия көздеріне көшетін болады. Соңғы 2-3 онжылдықта басым болған қоғамдық құрылысты жаңа форматтар мен даму моделдері алмастырады – Қазақстан да солардың маңызды бір бөлігі бола алады деп сенеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаңалықтар
0