АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы сәрсенбі күні әлем чемпионаты бірінші дивизионының А тобындағы матчта Австрия құрамасын 6:3 есебімен ұтты.
Жеңімпаздар командасында дубль жасаған Андрей Хрестьяковский, ал Захар Пархоменко, Александр Мелехов, Кирилл Панюков және Александр Борисевич бір-бір голдан соқты. Австрия құрамасы бұл чемпионатта алғаш рет жеңіліс тапты, турнир барысында Германия және Норвегия құрамаларын жеңген еді.
Қазақстандық құрама биылғы ӘЧ-да алғаш рет жеңді – алғашқы екі ойында немістер мен француздарға ұтылған болатын. Осылайша, қазіргі уақытта үш құрамада – Австрия, Германия және Беларусь – алты ұпайдан, ал Қазақстан, Франция және Норвегияда – үш ұпайдан.
Келесі ойынды Қазақстан құрамасы бейсенбі күні 15 желтоқсанда белорустерге қарсы өткізеді. ӘЧ соңғы туры сенбі күні 17 желтоқсанда болады, қазақстандықтар норвегтермен кездеседі.