АСТАНА, 12 жел — Sputnik. Жексенбі күні Шайбалы хоккей бойынша Қазақстанның жастар құрамасы (20 жасқа дейін) Әлем чемпионатының алғашқы матч барысында бірінші дивизиондағы А тобында Германия құрамасынан 3:5 есебімен жеңілді.
Әлем чемпионаты Германияда өтіп жатыр.
Бұл кездесудің алғашқы кезеңінде неміс Юлиан Направник өз есебіне дубль жазып, мұз алаңы иелері үшін қолайлы басымдылық жасады. Екінші жиырма минуттың басында Данияр Ғабдулин және Дмитрий Демьянов есепті теңестірді. Алайда кейіннен Валентин Копп пен Никлас Манесс екі шайба салды.