Әлем

Тиллерсон ExxonMobil басшысы қызметінен кетеді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуExxonMobil басшысы Рекс Тиллерсон
ExxonMobil басшысы Рекс Тиллерсон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылы 1 қаңтардан бастап компанияның директорлар кеңесінің төрағасы қызметін ExxonMobil президенті Даррен Вудс атқарады.

АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Дональд Трамп АҚШ мемлекеттік хатшысы етіп сайлаған Рекс Тиллерсон жыл соңында ExxonMobil америкалық мұнай-газ компаниясының директорлар кеңесінің төрағалығынан кетеді деп жазады РИА Новости агенттігі компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ExxonMobil мұнай корпорациясының басшысы Рекс Тиллерсон - Sputnik Қазақстан
Әлем
Тиллерсон мырза, сіз кімсіз?

Компания мәліметінше, бас атқарушы директор және директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне 2017 жылы 1 қаңтардан бастап ExxonMobil президенті Даррен Вудс кіріседі.

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп ExxonMobil мұнай компаниясының басшысы Рекс Тиллерсонды мемлекеттік хатшы қызметіне ұсынған еді. Трамп өз қызметіне 20 қаңтардан бастап кіріседі. Тиллерсонның кандидатурасын АҚШ конгресі сенаты бекітеді, онда Республикалық партия аз басымдыққа ие.

Жаңалықтар
0