АСТАНА, 13 жел – Sputnik. Сайланған АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметіне көптеген кандидатуралар арасынан өз таңдауын ExxonMobil компаниясының басшысы Рексе Тиллерсонның пайдасына жасады, деп хабарлайды Sputnik Беларусь.
АҚШ-тың бас дипломаты лауазымына үміткер ретінде Тиллерсоннан бөтен, БАҚ-тар президенттікке бұрынғы үміткер Митт Ромни, АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Джон Болтон, сенатор Боб Коркер, ҚХР-дағы бұрынғы елші Джон Хантсман, сенатор Джо Манчин, БТБ (ЦРУ) Дэвид Пэтрэус, саясаткер-республикандық Дану Рорабакер және отставкадағы адмирал Джеймс Ставридисті атаған.
Нью-Йорктің де бұрынғы мэрі Руди Джулиани да мемлекеттік хатшы қызметіне қол жеткізуге белсенді түрде әрекеттенген. Кейіннен Трамп әкімшілігінде қандайда бір қызметке үміткер болмайтынын мәлімдеген.
ExxonMobil мұнай корпорациясының басшысы Рекс Тиллерсон (Rex W. Tillerson) 1952 жылғы 23 наурызда АҚШ-тың Техас штатының Учито-Фолс қаласында дүниеге келген.