АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын түседі деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Барлық аймақта аздап күн суытады, оңтүстікте – 10, 14 градус жылы. Ең суық ауа райы солтүстік пен солтүстік-батыста – 22 градус аяз, орталықта ауа температурасы 0 градус пен минус 7 градус аралығында, шығыста – 3-5 градус нөлден жоғары.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарында кей жерлерде жел тұрады - 15-20 м/с, боран, көктайғақ, тұман.
Жамбыл облысында – тұман, желдің екпіні – 15-20, түнде және таңертең ұйытқуы – 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында төменнен соққан боран, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі, желдің екпіні – 15-20, ұйытқуы – 25 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында – тұман, боран, желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ.
Оңтүстік Қазақстан облысында синоптиктер тұман түседі деп болжайды, түнде және таңертең кей жерлерде жел екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында – көктайғақ, күндіз төменнен соққан боран.
Ақтөбе облысында – көктайғақ. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында – жел – 25, ұйытқуы – 30 м/с асады, түнде кей жерлерде тұман түседі.