Оқиға

Бас прокуратура ғимараты алдында өзін өртеп жіберген әйел көз жұмды

CC0 / / аурухана
аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокуратура алдында өзін өртеп жіберген әйел бір апта ауруханада жатып көз жұмды.

АСТАНА, 14 жел – Sputnik. Астанадағы Бас прокуратураның бақылау өткізу пункті маңында өзін өртеп жіберген әйел ауруханада көз жұмды.

"Ол бүгін ауруханада қайтыс болды", — деп хабарлады Астана №1 қалалық ауруханасы Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бас прокуратура - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада бас прокуратура ғимараты алдында әйел адам өз-өзін өртеп жіберді

Майра Рысманова 1968 жылы туылған, өткен аптада 6 желтоқсан күні Астанада Бас прокуратура ғимараты алдында өзін-өзі өртеп жіберіп, ауыр хәлде ауруханаға түскен.

Болған оқиғадан соң ведомствоның берген мәліметінше, ол 1988 жылы туылған ұлы Ербол Ахметовтың үкіміне келіспегендіктен, өз-өзін өртеп жіберген.

Прокуратура берген анықтама бойынша, Шу аудандық сотының үкімімен 2015 жылы 15 маусымда Ахметов ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша сотталып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Бас прокурор Асанов бұл оқиғаны "сұмдық" деп атап, өз қолына алатынын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0