АСТАНА, 13 жел – Sputnik. Қазақстанның прокуратура органдарына жұмысқа таныс тамырсыз тұруға болады, деп мәлім етті ҚР бас прокуроры Жақып Асанов.
"Прокуратураға таныссыз және қоңыраусыз орналасуға болады. Біз сауалнама жүргіздік, жастардың 93%-ы өкінішке орай: "Прокуратураға орналасу үшін міндетті түрде "көкең" болуы керек" дейді. – Барлығы өздеріне: олардың өмір салу салтына, әлеуметтік белсенділігіне, білімге деген құштарлығы мен ынталарына байланысты", - деді Асанов Бас прокуратура алқасының отырысында.
Оның айтуынша, Ұлттық "100 нақты қадам" жоспары мемлекеттік органдар мен квазимемлкеттік секторды "есігін көзінен от жанып тұрған, шексіз патриотты және қажетті білімі бар баршаға ашуға" мәжбүрлейді.