Өңірлер

Айына 10 миллионнан астам: кеденші пара алу үшін таптырмас схема ойлап тапқан

© Photo : Пресс-служба АДГСПК РКЖемқорлыққа қарсы қызмет
Жемқорлыққа қарсы қызмет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам 41 адамды рөлдерге бөліп, өзі басшылық етіп, тауарларды кеденде тезірек ресімдеу үшін пара жинаған.

АСТАНА, 13 жел — Sputnik. Облыстық МКД "Қостанай-ЦТО" кеден бекетінің басшысы Нұрғазинаны пара алу үшін қылмыстық схема құрды деген күдікпен Қостанай облысы бойынша жемқорлыққа қарсы департамент ұстады деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
60 мың теңге пара алған шенеунік 3,3 миллион теңге төлейді

Нұрғазина тауарларды кедендік ресімдеуді жеделдету үшін жеке тұлғалардан жүйелі түрде пара алып отыру мақсатында қылмыстық схема құрған.

Схемаға кеден бекетінің 11 лауазымды тұлғасы мен 30-дан астам кәсіпкерлер қатысқан. Әр қатысушы өз рөлін қатаң түрде орындауға тиіс болыпты, оларды Нұрғазина жалпылама басқарып отырған, кеден бекетінің маманы Жақсылықов "кассир" болған.

"Биыл қараша-желтоқсан айларында алынған пара көлемі  10 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта Нұрғазина мен Жақсылықов ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ұсталып, Рудный қаласы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп хабарлайды департамент.

Сот алды тергеу жүргізілуде. 

Жаңалықтар
0