Оқиға

Ақмола облысында көктайғақ жолда жойқын жол апаты болды

© SputnikЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер Степногорскі маңында болған көлік апатынан зардап шеккен 30 жастағы ер адамды құтқара алмады.

АСТАНА, 13 жел — Sputnik. Ақмола облысында Степногорск қаласына жақын маңда екі көліктің соқтығысуынан бір адам қаза тапты деп хабарлады өңірдің ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Тас жолдағы көлік кептелісі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында жабылған тас жолдарда көлік кептелісі пайда болды

Полиция мәліметінше, Степногорскі маңында 12 желтоқсан күні Заводской ауылына жақын тас жолда көктайғақ және жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан Nissan Almera автокөлігі "УАЗ-Патриот" көлігіне соғылған. 

"Жол апаты нәтижесінде көлік жүргізушілері мен үш жолаушы Степногорскі ауруханасына жатқызылды. Медициналық мекемеде жасалған операциядан соң Nissan көлігінің 1986 жылы туылған жолаушысы көз жұмды", — деп мәлімдеді полиция.

Жол апаты фактісі бойынша полиция ҚР ҚК 345-бабына сәйкес (Жол қозғалысы ережесін бұзу) қылмыстық іс қозғады.

Жаңалықтар
0