АСТАНА, 9 жел – Sputnik. Ақмола облысы тас жолдарында жолдың жабылуына байланысты көліктердің жиналуы пайда болды деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
Бейсенбі күні 8 желтоқсанда Ақмола облысында ауа-райының нашарлауына байланысты "Көкшетау-Атбасар" (4-184 км), "Жақсы-Есіл-Бұзұлұқ" (0-82 км), "Қостанай-Әуелікөл-Сұрған" (232-260 км), "Жезқазған-Петропавловск" (377-595 км), "Екатеринбург-Алматы" (856-916 км, п.Жақсы — СҚО), "Астана-Петропавловск" (18-231 км, Астанадан Щучинск қаласына дейін), "Астана Петропавловск" (304-341 км, Көкшетау қаласынан СҚО) автокөліктердің барлық бағыттарына жүруіне шектеу қойылды.
Жолдың жабылуы нәтижесінде "Астана-Щучинск" тас жолының 97 км, "Атбасар-Көкшетау", "Астана-Петропавл" автожолдарында саны 60 бірлік автотранспорттық құралдарының жиналуы болды, оның ішінде 48 жеңіл автокөлік және 12 жүк автокөлігі.
85 жолаушылар және жүргізушілер, оның ішінде 5 бала 4 жылыту мекендеріне орналастырылған және ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.