Әлем

Алеппо тұрғындары қаланың террористтерден азат етілуін тойлауда

© REUTERS / Omar SanadikiАлеппо тұрғындары қаланың террористтерден азат етілуін тойлауда
Алеппо тұрғындары қаланың террористтерден азат етілуін тойлауда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алеппода жауын құйып тұр, алайда толассыз соғыстан әбден қажыған сириялықтар терроризмді жеңгендерін тойлап көшеге шықты.

АСТАНА, 13 жел — Sputnik. Алеппо қаласының билік өкілдері бірнеше сағаттан соң шығыс кварталдардың террорлық топтардан азат етілгендігін ресми түрде хабарламақшы, қуаныштары қойнына сыймаған халық көшеге шығып азаттықты тойлауда деп хабарлады куәгерлер Sputnik агенттігіне.

Военнослужащий Сирийской Арабской армии в жилом квартале города Алеппо, через который проходит линия фронта - Sputnik Қазақстан
Әлем
Алеппо және Мосулдағы әскери операциялар

"Қазір көшеде халық көп, жаңбырға қарамастан, бүкіл жерде көлік кептелісі. Адамдар құшақтасып, бір-бірін құттықтауда, жеңістің құрметіне аспанға атылған оқ үні естіледі", — деді қала тұрғынының бірі телефон арқылы.

Бұдан бұрын Алепподағы Баас партиясының басшысы Ахмад Салех РИА Новости агенттігіне хабарлаған кезде, Алеппоның террористтерден азат етілуін ресми түрде хабарлауға санаулы сағаттар қалды деген болатын. 

Жаңалықтар
0