Әлем

Алеппо және Мосулдағы әскери операциялар

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуВоеннослужащий Сирийской Арабской армии в жилом квартале города Алеппо, через который проходит линия фронта
Военнослужащий Сирийской Арабской армии в жилом квартале города Алеппо, через который проходит линия фронта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алепоның айналасында не болып жатыр? Мосулды азат ету бойынша операция нені білдіреді? Бұл оқиғалар өзара қалай байланысты? Осы және басқа да сұрақтарға Sputnik жауап беруге тырысты.

АСТАНА, 19 қаз — Sputnik, Мария Шелудякова. Әлем "Ислам мемлекеті" террорлық тобына (Қазақстан және басқа мемлекеттерде тыйым салынған) қарсы күрестегі басты қалалар – ирактық Мосул мен сириялық Алепподағы ұзаққа созылған қанды қақтығыстарды жіті бақылап отыр. Таяу шығыстың шайқас алаңына айналғаны жөнінде РҒА ӘЭХҚИ  аға ғылыми қызметкері Виктор Надеин-Раевский  Sputnik агенттігіне сұхбат берді.

Алеппо: ұлы тарих пен қасіретке толы бүгінгі таң

Сириялық Алеппо қаласын алса Асадтың күші арта түсетіндігі мәлім. Екі миллиондай тұрғыны бар қала Сирия елінің астанасы іспетті. Бұл жерде халық тұтынуындағы тауар өндірісі мен жеңіл өнеркәсіптің көп бөлігі шоғырланған. Алеппо елдің басқа аудандарының барлығына тікелей қатынасы бар тоғыз жолдың торабында орналасқан қала. Қаланың экономикалық маңызы идеологиялық фактордан кем емес.

Ирак содырлары - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ирак Мосулды ИМ-дан азат ету бойынша операцияның басталуын жариялады
Эксперттің айтуынша, қазір Алеппода жүзден астам әр түрлі ислам ұйымдарының жауынгерлері жиналған. Солардың ішінде "Джабхат ан-Нусра" сияқты ондаған ауқымды ұйымдар бар, бұл ұйымның ықпалы Сирия территориясының басым бөлігіне әсер етіп отыр. Бұл террорлық ұйымда бүкіл ислам әлемінен он мыңдаған жауынгерлер бар. 

Сейсенбі күні 18 қазанда Ресей ӘҒК Алепподағы жауынгерлер нысандарына шабуыл жасауды тоқтатты.  Сирия үкіметінің әскері "гуманитарлық үзілістің" (бейсенбі күні таңертең, 20 қазан) басталуы қарсаңында қақтығысу шекараларынан алшақтайды, соның нәтижесінде тұрғындар мен жауынгерлер арнайы жасалған дәліз арқылы қаладан шығуға мүмкіндік алады. 

Мосул: бүлікші күрдтер мен мұнай

Ирактағы Мосулда жағдай сәл басқаша. Бұл мұнай шығару және өңдеу орталығы, мұндағы Кайяра және Наджма кен орындары исламисттердің бақылауында. Сонымен қатар, шиеленісте түрік факторы да маңызды рөл атқарады – Ирак территориясына Бағдаттың рұқсатынсыз түрік әскерлері енген. 

Мосул – ИМ террористтерінің ирактық астанасы. Бұл елді мекен азат етілсе, исламисттер күшінің біршама әлсірейтіні анық. Бірақ үкімет әскерінің алдында өте қиын мәселе тұр. Ирак әскерінің соғыс мүмкіншілігі шын мәнісінде сенім ұялатпайды. 2014 жылы үкімет әскері "Ислам мемлекетінде" небәрі 1,5 мың жауынгер болса да, Мосулдан айырылып қалған болатын. Бүгінде террористтер қаланы қоршай миналар салып тастаған. Бұл территорияны бірнеше мың жауынгерлер қорғап, Мосулды алып қалуы үшін қолдарынан келгенді аянбайды. 

АҚШ әскери қызметкерлері мен Ирак үкіметінің әскерінен басқа бұл аймақта күрд сарбаздары да шайқасуда. Сарапшының пікірінше, күрдтер – "ең мақсаты берік соғыс күші".  "Ислам мемлекетінің" террористтері күрдтердің қас жауы, сол себепті олардың көзін құрту үшін мықтап бел буған.   

Жағдайды қиындатып отырған бір мәселе, Бағдаттағы билік басында шейіттер отыр, ал президент – күрд дейді маман. Мосулды азат ету үшін күресіп жатқан әрбір күштің өз көздегені бар. Бағдат Мосулдың күрдтер бақылауына өтуінен қорқады. Ал, Түркияның екіжақты мүддесі бар: олар жалғыз "Ислам мемлекетімен" күресіп жатқан жоқ, сонымен қатар Ирак территориясындағы Күрдтер партиясын басып тастамақшы.

Жаңалықтар
0