АСТАНА, 13 жел — Sputnik. Дүйсенбі күні 12 желтоқсанда Шымкенттегі ескі қорғасын зауытындағы цехтердің бірінде 40 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғынының мәйіті табылды деп жазады жергілікті басылым TVK.
© Photo : TVKШымкенттегі ескі қорғасын зауыты

Шымкенттегі ескі қорғасын зауыты
© Photo : TVK
Басылымның хабарлауынша, екі баланың әкесі Ізбасқан Ерғараев 49 күн бұрын жоғалып кеткен, туған-туыстары осы уақыт бойы оны іздеумен болыпты. Олардың мәліметіне сүйенсек, ер адам бұрынғы қорғасын зауытының аумағындағы цехті заңсыз бұзу үшін жұмысқа жалданыпты, 25 қазанда бұл жерде қайғылы оқиға болған – жаппа тақталар құлап кеткен. Үйіндінің арасында басқа адамдар да қалып қоюы мүмкін.
Бір жарым ай ішінде бет-ауызы адам танымастай өзгеріп кеткен мәйітті туған-туыстары киіміне қарап қана тани алды. Үйінділерді қазып, марқұмды іздеп табуға оның сыныптастары мен Ордабасыдағы ауылдастары жәрдемдесті. Марқұмның бауыры Май Ерғараевтың айтуынша, олармен бірге басқа жандар да туыстарын іздей бастаған, алайда ол адамның денесін оқиға орын алғаннан кейін екі күн өткен соң 27 қазанда тапқан. Үйінді астында кем дегенде тағы бір адамның денесі бар болуы мүмкін.