АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. Еріктілер мен полиция екі аптадан артық іздестірген Лисаковск тұрғынының өлі денесі табылды деп хабарлады Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметі.
Екі баланың анасы, қалалық такси қызметінің иесі 32 жастағы бизнес-ледиді Қостанай облысында 26 қыркүйектен бері іздестірген. Әйелді іздестіру жұмысына өзі тәрбиеші боп істейтін интернат оқушылары, жергілікті колледж студенттері және туған-туыстары қатысқан. Іздеу операцияларына құтқарушылар мен сүңгуірлер де тартылған.
Бейсенбі күні облыстың ІІД баспасөз қызметі ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық істі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.
Полицияның ақпараты бойынша, қазіргі уақытта сот алды тергеу істері жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалған. 12 қазан күні күдікті ұсталып, Лисаковск ІІҚБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
"Надежданы іздеуге қол үшін бергендердің бәріне алғысымды білдіргім келеді: еріктілерге, ақпаратты жариялаған топттарға және басқа да көмектескен жандарға рахмет. Сіздерге алғысымыз шексіз. Отбасыларыңыздың саулығын тілеймін. Надежданы саяжайда тауып алды, өкінішке орай о дүниеге аттанып кеткен", — деген жазбаны ерікті Дарья Скворцова "FOX Town – Лисаковск наш город" тобында жариялады.