Оқиға

Шетелдік азаматтар мінген автобустар Ақмола облысынан шыға алмады

© Sputnikавтобус
автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арасында Ресей және Өзбекстан азаматтары бар жүзден атам адам жылыну бекеттеріне орналастырылды

АСТАНА. 12 жел – Sputnik. Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты  Ресей Федерациясы мен Өзбекстан азаматтары мінген бес автобус тұрып қалды; жолаушылар жылыну бекеттерінде орналастырылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Тас жолдағы көлік кептелісі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында жабылған тас жолдарда көлік кептелісі пайда болды

Ауа райының нашарлауы, ештеңе көрінбеу мен Бурабай ауданында жолдың жабылуына байланысты 2016 жылғы желтоқсанның 10-ынан 12-сіне дейін Щучинск вокзалында бес автобус орналастырылды. 

"Бір автобус (Екатеринбург-Қарағанды) 43 адам – РФ азаматтары; бір автобус (Омбы-Астана) 27 адам – РФ азаматтары; үш автобус (Петропалв-Шымкент) 120 адам – Өзбекстан азаматтары. Автобус жолаушылары жалпы 141 адам, олардың бесеуі бала жылыну бөлмесіне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді", — деп ақпараттандырды ТЖД. 


Жаңалықтар
0