Оқиға

ІІД: сегізінші сынып оқушысының көз жұму себебі сараптама аяқталған соң жарияланады

© Sputnik / Максим МасловАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана мектептерінің бірінде оқушының қаза табуы бойынша тергеу қорытындылары қаңтардан бұрын жарияланбайды.

АСТАНА. 12 жел – Sputnik. Сегізінші сынып оқушысының көз жұмуының нақты себебін сот-медициналық сараптама біткеннен кейін жариялайды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Астана ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова. 

Бұрын хабарланғандай, 2002 жылы туылған сегізінші сынып оқушысы №59 мектепте  30 қараша күні 13:00 шамасында сыныпта зорлық белгілерісіз өлі күйінде табылды. 

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астана мектептерінің бірінде жеткіншек өлі күйінде табылды

Бала өлімінің алдын ала себебі – жүрек жеткіліксіздігі, деп ресми жарияланған. Алайда әлеуметтік желілерде қаза тапқан жеткіншектің туыстарына сілтеме жасай отырып, оны сыныптасы қатты итеріп жіберді деген хабарлама болды.

Полицияда қазіргі уақытта сот-медицина сараптама жүргізіліп жатқанын айтып, оның қорытындылары бойынша кәмелет жасқа толмаған баланың көз жұму себебі анықталатынын ғана хабарлады.

"Сот-медициналық сараптама 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін", — деді полиция өкілі.

Тергеудің әзірге аяқталмауына байланысты ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.   


Жаңалықтар
0