АСТАНА, 12 жел – Sputnik. Ұлттық экнономика министрі Қуандық Бишімбаев дүйсенбі күні үкімет отырысында ведомствоның әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының орынсыз көбейтілуіне тұтынушылардың көмегімен қарсы тұратындығы туралы айтты.
Ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, елде әлеуметтік маңызы бар әр тауар түріне көрсетілген бағаны есептеп шығаратын механизм құрылады. Оған қоса, көтерме және бөлшек саудадағы мұндай өнімдер бағасының шектік мөлшерлерін заң жүзінде бекіту жоспарланып отыр – бұл мөлшерлер сауда нысанының түріне байланысты ажыратылатын болады. Көрсетілген бағаларды есептеу ай сайын жүргізіліп отырады.
Бұл есептеулер нәтижесі БАҚ-да, мемлекеттік органдардың ғаламтордағы ресурстарында, сондай-ақ сауда орындарындағы ақпараттық стендтерде беріледі.
"Бұл тұтынушының бағалар мониторингіне қатысуына мүмкіндік береді, егер көрсетілген бағамен арада үлкен айырмашылықтар болып жатса, әкімшілікке хабарласуға болады", — деп мәлімдеді Бишімбаев.