Экономика

Сағынтаев: Қазақстанда сатудан алынатын салықты енгізудің қажеті жоқ

© SputnikСалық
Салық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бақытжан Сағынтаевтың пікірнше, ҚҚС-н сатудан алынатын салыққа алмастырудың керегі жоқ

АСТАНА, 8 жел – Sputnik.  Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бейсенбі күні Қазақстанда қосымша құн салығының орнына сатудан алынатын салық енгізілмейді деп мәлімдеді.

"Мәселе көтерілді, бұл жайында бұрыннан бері талқылап келеміз. Үкіметте жылдың басынан бері шетелдік кеңесшілер шақырылып, солардың пікірін тыңдадық. Бәрінің ойы бір жерден шықты, Қазақстанда сатудан алынатын салықты енгізудің қажеті жоқ", — деді Сағынтаев "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері палатасының Ұлттық Президиумы отырысында.

Оның сөзіне сүйенсек, бұл мәселе Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да белгілі, ол пікірталас нәтижелерін ескеріп,  үкімет "шешім қабылдауға тиіс" деген болатын. 

Жаңалықтар
0