Экономика

Мұнай бағасы қымбаттауынан теңге KASE бойынша $1 үшін 331,56 теңгеге нығайды

© SputnikАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұнай бағасының өсуіне ОПЕК елдері мен картельге кірмейтін мемлекеттердің мұнай шығару көлемін қысқарту бойынша келісімге келуі себеп болды.

АСТАНА, 12 жел – Sputnik. Қазақстандық қор биржасында (KASE) дүйсенбі күні орташа доллар бағамы бір АҚШ доллар үшін 331,56 теңгені құрады, жұма күні бұл көрсеткіш 334,43 теңге болған еді деп хабарлайды биржа.

Мұнай - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мұнай өндірісінің қысқаруы аясында, оның бағасы 5%-ға дерлік өсті

Дүйсенбі күні АҚШ доллары бойынша сауда көлемі 112,9 миллион долларды құрады, жұма күні 24 миллион доллар болған.

Теңге мұнай бағасының артуынан қымбаттады. Мұнай бағасы ОПЕК елдері мен картельге кірмейтін мемлекеттердің мұнай шығару көлемін қысқарту бойынша келісімге келуі нәтижесінде 5%-ға артқан болатын.

Жаңалықтар
0