Экономика

Мұнай өндірісінің қысқаруы аясында, оның бағасы 5%-ға дерлік өсті

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуМұнай
Мұнай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұнай шығаруды қысқарту туралы келісімге 11 мемлекет пен ОПЕК-ке кіретін негізгі мұнай өндіруші елдер қол қойды

АСТАНА, 12 жел — Sputnik. Дүниежүзіндегі мұнай бағасы ОПЕК елдері мен өзге мемлекеттердің мұнай шығаруды қысқарту туралы келісімге келгеннен кейін 5%-ға дерлік қымбаттап кетті, деп хабарлайды РИА Новости сауда деректеріне сілтеме жасай отырып. 

Мұнай өңдеу зауыты - Sputnik Қазақстан
Экономика
Бозымбаев мұнай бағасы туралы: неғұрлым жоғарыласа, соғұрлым жақсы

Мәскеу уақытымен 03.07-де Brent маркалы солтүстік мұнай қоспасына қарашалық фьючерстер құны бір барреліне 4,4%-ға 56,8 долларға дейін, WTI — 4,66%-ға 53,86 долларға дейін өсті.

ОПЕК-тің 30 қараша күнгі бекіткен келісімі бойынша, 2017 жылы 1 қаңтардан бастап мұнай алу көлемі күніне 1,2 миллион баррелден қысқартылып, 32,5 миллионға дейін жеткізіледі. 

ОПЕК-ке кірмейтін елдер арасында мұнай шығаруды қысқарту туралы міндеттемені өздеріне Ресей, Әзербайжан, Бахрейн, Бруней, Қазақстан, Малайзия, Мексика, Оман, Экваторлық Гвинея, Судан және Оңтүстік Судан алды. Бұл ретте келісім жасалған сәттен бастап мұнай құны 20%-ға дерлік өсті. 


Жаңалықтар
0