АСТАНА, 9 жел – Sputnik. ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев әлемдік мұнай қауымдастығының мұнай шығару көлемін шектеуге талпыныстарын Қазақстанның қоладуы туралы ойын жеткізді.
"Қазақстан мұнай шығарушы елдердің алғашқы алты айда өндіріс көлемін шектеу немесе тоқтату бойынша жасаған талпыныстарын қолдайды дей аламын. ОПЕК елдерінің алғашқы жарты жылдыққа мұнай шығару көлемін 3-4%-ға шектеуге шешім шығаруы мұнай бағасының 17%-ға ұлғаюына әкелді", — деді Бозымбаев жұма күні тілшілерге.
"Неғұрлым жоғарыласа, соғұрлым жақсы", — деп жауап берді энергетика министрі Қазақстан үшін мұнай бағасының қандай болуы тиімді деген сұраққа.
Бұдан бұрын ОПЕК ұйымға кірмейтін 14 елді Венада өтетін мұнай нарығын тұрақтандыру туралы келісім жөніндегі кездесуге шақырған болатын. Шақырылған елдер тізіміне Ресей, Мексика, Оман, Қазақстан, Бахрейн, Колумбия, Конго, Египет, Тринидад және Тобаго, Түркменстан, Әзербайжан, Боливия, Бруней, Өзбекстан кіреді.