АСТАНА, 12 жел – Sputnik. Қазақстан азаматы ірі қара малдың екі мыңға тарта терісін жүк көлікке тиеп, заңсыз Қырғызстанға шығармақ болды деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Шекара қызметінің мәліметінше, Қордай шекара отряды, "Қарасу авто" өткізу пунктінің қазақстандық шекарашылары Қырғызстан шекарасында 26 жастағы ҚР азаматын ұстады.
Ер адам ірі қара малдың терісін тиісті құжаттарсыз өткізбек болған. Ұсталған азамат 2 мыңдай тері тиелген КамАЗ жүк көлігіне мініп, Қазақстаннан Қырғызстанға бет алған.
Бұл туралы Қордай аудандық прокуратура өкілдеріне хабар беріліпті.