Өңірлер

Астана-Щучинск тас жолынан 500-ден аса адам эвакуацияланды

© Photo : ДЧС Карагандинской областиТас жолдағы жүк көліктер
Тас жолдағы жүк көліктер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Боранда Астана-Щучинск тас жолынан құтқарушылар жүзге тарта жеңіл көлік пен үш жолаушылар автобусын эвакуациялады.

АСТАНА, 12 жел – Sputnik. Ақмола облысы Астана-Щучинск тас жолынан 500-ден аса адам эвакуацияланды, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Тас жолдағы көлік кептелісі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында жабылған тас жолдарда көлік кептелісі пайда болды

Сенбі күнінен бері Астана мен Ақмола облысында қатты боран соғып, Астанадан шығатын тас жолдар жабылуда, билік өкілдері мен құтқарушылар жүргізушілерден қала сыртына шықпауды сұрады.

Ақкөл-Щучинск тас жолы телімінде құтқарушылар қарға батып қалған 103 автокөлікті шығарып алып, Щучинскіге дейін шығарып салды, олардың арасында 3 автобус бар.

ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәлімдеуінше, Астана мен Ақмола облысында 9 желтоқсаннан бері екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы – 23-28 м/с оңтүстік-батыстан соққан қатты жел мен боранның салдарынан дауылдық ескерту жарияланған.

Жаңалықтар
0