NASA Марстағы ең суық жердің суретін жариялады

© Photo : © NASAМарс
Марс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл учаскедегі температура -130°C дейін жетеді. Бұл Марстағы да, Жердегі ең төменгі көрсеткіш болып табылады.

АСТАНА, 12 жел — Sputnik. NASA өзінің ресми сайтында Марстың ең суық жері бейнеленген "қызыл планетаның" Оңтүстік полюсінің суретін жариялады. 

Марс - Sputnik Қазақстан
Ғалым: Марста адамның өз бетімен өмір сүруіне жағдайлар бар

"Суреттің өзінде Оңтүстік полюстегі экзотикалық жерлердің бірі көрсетілген. Полярлық қалпақ көміртек диоксидінен (құрғақ мұз) жасалған. Ол қысқы маусымда атмосферадан түсетін көмірқышқыл газынан пайда болады. Бұл бөлікте температура 130 градус Цельсияға (-200 F) дейін төмендейді", — делінген хабарламада. 

© Photo : NASA/ JPL-CALTECHМарстағы ең суық жердің қабаты
Марстағы ең суық жердің қабаты - Sputnik Қазақстан
Марстағы ең суық жердің қабаты

Фотосуретті MRO орбиталық станциясында орнатылған HiRISE жоғары дәлдікпен түсіретін камераның көмегімен түсірген. 


Жаңалықтар
0