Ғалым: Марста адамның өз бетімен өмір сүруіне жағдайлар бар

© Photo : NASAМарс
Марс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марста Жер ресурстарының қолдауынсыз адамзаттың өмір сүруіне барлық жағдайлар бар, деп хабарлады сейсенбіде Браун университетінің өкілі Джеймс Хед

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik. Марста Жер ресурстарының қолдауынсыз адамзаттың өмір сүруіне барлық жағдайлар бар, деп хабарлады сейсенбіде Браун университетінің өкілі Джеймс Хед Күн жүйесін зерттеу жөніндегі жетінші мәскеулік халықаралық симпозиумы барысында. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.   

"Марста тұрғындар Жерден дербес өмір сүруі үшін су (мұз түрінде – ред.) жеткілікті. Егер Жер өмір сүру үшін жарамсыз болып қалса, қандай-да бір апат болып, Марс жер тұрғындары үшін екінші үйіне айнала алады. Ол үшін барлық жағдайлар бар", — деп мәлім етті ол.

Ғалымның айтуынша, Күн жүйесінің барлық планеталары ішінен Марс өмір сүруге ең қолайлысы болып табылады.

"Ай тым құрғақ, Шолпан – тым ыстық, Ал Марс жарайды. Марстық топыраққа келер болсақ, оны ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамды болуы мүмкін. Бірақ бұл қосымша зерттеулерді талап етеді", —деді Хед.

 

Жаңалықтар
0