АСТАНА, 11 жел – Sputnik. Стамбул қаласындағы террорлық актінің құрбандар саны 38 адамға жетті, деп мәлім етті жексенбіде Түркия ішкі істер министрі басшысы Сулейман Сойлу.
"Өкінішке орай, Стамбулда қаза тапқан азаматтарымыздың саны 38 адамға жетті. Олардың 30-ы полиция қызметкерлері болып табылады. 155 ауруханада ем алып жатыр. Бұл шабуылға Күрдістанның жұмыс партиясының (Түркияда тыйым салынған) қатысы бар екенін көрсетіп отыр", — деп келтіреді РИА Новости Сойлудың сөзін.
Оның айтуынша қазіргі уақытта осы террорлық актіге қатысы бар деген 13 күдікті ұсталған.