Әлем

Стамбулдың орталығында теракт болып, 30-ға жуық адам қаза тапты

© AP Photo Түркия
Түркия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
29 адам Стамбул орталығындағы жарылыстардың құрбаны болды

АСТАНА, 11 жел – Sputnik. Стамбулдың орталық бөлігінде екі жарылыс болып, ондаған адам құрбан болды, деп хабарлайды РИА Новости

Бірінші жарылыс Астана уақытымен сағат 01.30-да Стамбулдың орталық аудандарының бірі Бешикташтағы "Водафон Арена" стадионы маңында орын алды. Министрдің ақпаратына сәйкес, жарылыстар орын алған аудандардың бірінде футбол матчының күзетін қамтамасыз еткен полицейлер мінген автобус өтіп бара жатқан. Кейіннен ол екінші жарылыстың болғанын хабарлады. Болжам бойынша жарылысты жанкешті жасаған. Теракт 1,5 сағат бұрын Түркиялық "Бешикташ" және "Бурсаспор" командалары арасында матч өткен стадион маңында орын алды. Кейіннен "Бурсаспорт" клубы оның жанкүйерлерінің зардап шекпегенін хабарлады.  

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Ердоган - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ердоған 11-12 желтоқсанда Қазақстанға сапармен келеді

Стамбулдағы екі терактінің құрбандар саны 29-ға жетті. Бұл ретте олардың 27-сі полиция қызметкерлері. Жарылыстардан зардап шеккендер саны 166 адамға өсті. Бұдан бұрын 15 адам қаза тауып, 70 адам жарақат алды деп хабарланған. 

Түркия президенті Тайып Ердоған Стамбұлдағы екі терктінің мақсаты құрбандар санын неғұрлым көп болуында екенін мәлім етті.

"Осы түні біз қайтадан террордың жексұрын жүзінің куәгері болдық. "Бешикташ" және "Бурсаспор" арасында матч өте салысымен орын алған тракт мақсаты құрбандар санының неғұрлым көп болуын көздегені түсінікті. Өкінішке орай бізде құрбан болғандар мен жарақат алғандар бар",- делінген Түркия басшысының мәлімдемесінде.

Сондай-ақ жарылыстарға байланысты 10 адамның ұсталғаны хабарланады. 


Жаңалықтар
0