АСТАНА, 9 жел – Sputnik. Түркия Республикасының президенті Реджеп Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 11-12 желтоқсанда Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарланады Түркия басшысы әкімшілігінің ресми сайтында.
Келіссөздер барысында екі жақты және өңірлік мәселелері, сонымен қатар 2017 жылғы Түркияда екі ел президенттерінің төрағалығымен өтетін Түркия-Қазақстан жоғары деңгейдегі ІІІ стратегиялық ынтымақтастық кеңесіне (YDSK) әзірлікті талқылау жоспарланып отыр.