АСТАНА, 10 жел — Sputnik. Францияның мемлекеттік кеңесі – елдің жоғарғы әкімшілік инстанциясы – қазақстандық банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовты Ресейге экстрадициялау туралы қаулыны қабылдамады деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі.
Бұдан бұрын Әбілязовтың ісі жөніндегі баяндамашы Мемлекеттік кеңесте сөйлеген сөзінде оның Ресейге жіберілуі туралы қаулыдан бас тартуды ұсынған болатын.
Оның алдында Әбілязовтың адвокаттары Мемлкеттік кеңес оң жауабын берген жағдайда, апелляциялық шағым түсіретіндіктерін мәлімдеген. Оны қарастырғанға дейін, Аблязовтың жер аударылуы кейінге қалдырылуы мүмкін еді.
Әбілязовтың ісі Францияның мемлекеттік кеңесінде қаралуы алдында БҰҰ азаптау мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Нильс Мельцер Парижден банкирді жер аударудан бас тартуды сұраған болатын, өйткені Ресейге жер аударылған соң, әрі қарай Қазақстанға жіберілуі мүмкін еді, ал "ол жақта Әбілязовты азаптауы әбден ықтимал".
БТА Банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязов 2013 жылы шілде айында француз Альпы тауларында ұсталған, содан бері қамауда отыр.