Экономика

Әлімжан Есетов Белоруссиядағы БТА Банкін басқарды

© Photo : ЗАО "БТА Банк" (Белоруссия)Алимжан Есетов
Алимжан Есетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрын Есетов "Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" жетекшілік қызмет атқарған.

АСТАНА, 2 жел — Sputnik. Әлімжан Есетов "БТА Банк" ЖАҚ басқарма төрағасы қызметіне ресми түрде кірісті,  деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

"2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап "БТА Банк" ЖАҚ директорлар кеңесінің 2016 жылдың 30 қарашасындағы шешімімен Басқарма Төрағасы қызметін атқарушы Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Әлімжан Есетов банктің басқарма төрағасы қызметіне кірісті", — делінген хабарламада. 

Әлімжан Есетов Ақтөбеде дүниеге келген. 2005 жылы  Гумилев атындағы Еуроазия ұлттық университетін үздік бітіріп, халықаралық экономист мамандығына ие болған. Қазақ гуманитарлық заң университетінің құқық бакалавры деген дипломы бар. 


Жаңалықтар
0