Өңірлер

Сенбі күніне арналған ауа райы болжамы

Жазылу
10 желтоқсан күні синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады деп болжайды.

АСТАНА, 10 жел — Sputnik. Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады деп хабарлайды "Қазгидромет".

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды ауа райы сақталады, негізінен қар жауады, түнде оңтүстік-шығыста кей жерлерде қар қалың түседі, тұман, көктайғақ, боран, желдің күшеюі болады деп күтіледі.

Желді ауа райы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суық әрі қарлы болады

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде боран соғады деп күтіледі, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы – 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с. Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с, Қостанай облысында ұйытқуы 25 м/с.

Ақтөбе облысында – кей жерлерде боран соғады, желдің күшеюі 15-20 м/с. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында кей жерлерде – тұман, көктайғақ, күндіз жел екпіні 15-20 м/с. Алматы облысында – кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде жел екпіні 17-22 м/с.

Жаңалықтар
0