Өңірлер

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суық әрі қарлы болады

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЖелді ауа райы
Желді ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Суық күндер ұзаққа созылмай, ауа райы қайта жылынады, соның салдарынан елдің басым бөлігінде көктайғақ болуы ықтимал.

АСТАНА, 9 жел – Sputnik. "Қазгидромет" 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады: қар жауу және бұрқасын демалыс күндеріндегі ауа-райын анықтайтын болады делінген метеоқызмет сайтында.

"Атлантикада туындаған циклондар, үлкен жылдамдықпен континентке және әрі қарай Сібірге жылжып келеді. Ал циклондармен байланысты қалыптасқан атмосфералық фронттар Қазақстан ауа-райына әсерін тигізеді. Демалыс күндері оларға ілескен қар жауу, боран және күшті батыс желі күтіледі. Атлантикалық циклондардағы ауа жылы болғандықтан, қысқа мерзімді суықтан кейін қайта ауа температурасының көтерілуі және көктайғақ күтілуде", — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Астана мен Ақмола облыстарында дауылдық ескерту жарияланған. 

Астанада 10-11 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соққан жел сақталады, екпіні – 15-20 м/с, оқтын-оқтын боран соғуы ықтимал.

Ақмола облысында 10 желтоқсан күні кей жерлерде, 11 желтоқсан күні өңірдің басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан жел сақталады, екпіні – 15-20 м/с, ұйытқуы – 23-28 м/с. Кей жерлерде боран соғады.

Жаңалықтар
0