АСТАНА, 9 жел – Sputnik. Еуропа және АҚШ тұрғындарының басым бөлігі спортшылардың "медициналық көрсетілімдерге" қарамастан Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі (WADA) тыйым салған дәрі-дәрмектерді пайдалануға болмайды, деп санайды. Мұны Sputnik агенттігі жүргізген сауалнама көрсетіп отыр.
Сауалнама Еуропаның жеті елінде жүргізілді. Онда "рұқсат етілген" допингтің жақтастарынан оған қарсы шыққандар басым болып шықты. "Допингке рұқсат беруге" Польша тұрғындарының 66%-ы, Италия мен Германияның жарты халқы, сондай-ақ 48% француздар қарсы дауыс берді. АҚШ-та респонденттердің 45%-ы, Испанияда — 41%-ы, Ұлыбританияда — 38%-ы бұл саясатқа қарсы болып шақты.
Сұралғандардың бесінші бөлігі кейбіріне артықшылық көрсетілмеуі үшін барлық спортшыларға допинг пайдалануға рұқсат беруді ұсынды.
Бұл идеяны қолдаушылар Ұлыбританияда(22%), Испания мен Германия(19%), сонымен қатар АҚШ-та (17%) табылды. Польшада бұл пікірді сұралғандардың 11%-ы ғана қолдады.
Мұнымен сондай-ақ, итальяндықтар мен француздардың төрттен бір бөлігі және немістердің 22%-ы келіседі. Бұл пікір сондай-ақ Польшада аз дауыс жинап, сұралғандардың 14%-ын құрады.
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігінің (WADA) басшысы Ричард Макларен 9 желтоқсанда спорттағы допинг туралы баяндаманың екінші бөлімін жарияламақ. WADA бас директоры Оливь Ниггли Макларен ХОК допингке қарсы комиссияларына тексеру көзінде анықталған деректерді ұсынатынын хабарлаған. Сауалнаманы 2016 жылғы 22-26 қазан аралығында қоғамдық пікірді сұрастырумен айналысатын Францияның IFop компаниясы жүргізді. Сауалнамаға жас шамасы 18 жастан асатын 7043 респондент қатысты. Деректер үшін алынған іріктеменің максималдық қателігі бүкіл мемлекет бойынша +/- 3,1% құрайды, сенімгерлік ықтималдығы 95%.
Sputnik — ондаған елдерде мультимедиялық ақпараттық хабы бар жаңалықтар агенттігі және радиосы. Sputnik агенттігінің 30-дан астам тілдердегі сайттары, аналогтік және сандық көрсетілімдері, ұялы телефондарға арналған қосымшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады.