Спорт

Спортшы Әсет Мамбетов допинг қабылады деген айыптауларды жоққа шығарды

© Photo : аккаунт Асета Мамбетова в соцсетяхӘсет Мамбетов (оң жақта)
Әсет Мамбетов (оң жақта) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Әсет Мамбетов WADA-ға сенбейтінін мәлімдеп, ұйымды ағат пікірлікте айыптады.

АСТАНА, 16 қар – Sputnik. Пекин олимпиадасының қола жүлдегері Әсет Мамбетов допинг пайдаланды деген айып бойынша медальден айырылуына пікір білдірді. 15 қараша күні Халықаралық Олимпиада комитеті Олимпиада ойындарының үш қатысушы спортшылардың нәтижелерін жойды.  

Допинг-сынама - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстан тағы үш олимпиадалық медальден айырылды

Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіп жөніндегі комиссиясының шешіміне сай, "А" және "В" сынамаларының қосымша зерттеу нәтижесіне байланысты, 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 63 келі салмақта Қазақстан намысын қорғаған ауыр атлет Ирина Некрасованың күміс жүлдесі, 75 келі салмақта қола жүлде алған тағы бір ауыр атлетіміз — Мария Грабовецкаяның қола жүлдесі және грек-рим күресі бойынша Әсет Мәмбетовтің қола жүлдесі жойылып, медальдары кері қайтарылатын болды. 

Қазақстандық спортшы,  96 келіге дейінгі салмақтағы грек-рим күресінен қола жүлдегері Әсет Мамбетов өткен ойындардан дисквалификацияланды, нәтижелері жойылып, жүлдесі қайтарып алынды. 

"Мен, Әсет Мамбетов, допинг пайдаланды деген айыптауларды үзілді-кесілді қабыл алмаймын. Пекин Олимпиадасына дейін, кезінде және кейін 2011 жылға дейін мен WADA (Дүниежүзілік допингке қарсы ұйым – ред.ескер.) офицерлеріне допингтің әртүрлі түрлеріне сынамалар тапсырдым. Олардың бірі де оның бар екенін көрсеткен жоқ. Австриядағы клиникада жарақатты емдегеннен кейін Швейцариядағы WADA-ның еуропалық штаб-пәтерінде допингке қарсы процедуралардан өттім. Бұл кезеңдердің бірінде де допинг табылмаған", — делінген сәрсенбіде таратылған мәлімдемеде.

"Бүгін, қаншама жыл өткен соң, спортқа үлкен саясаттың, әсіресе WADA-ны қаржыландыратын елдердің  белсенді кірісуіне байланысты, іс жүзінде кез келген адамға, тіпті спортты бұрын тастап кеткен адамға да қатысты қандай болмасын нәтиже шығуы мүмкін. Тестілеуді жүргізетін ұйымның өзі жіберген бұзушылықтарымен, жемқорлықпен, сынамаларды ауыстырып қоюмен абыройын түсіргені соншалықты, менің бұл ұйымға сенімім жоқ. Ең алдымен оның қызметкерлері допинг мәселесінде өздерінің тәуелсіздігі мен қасақана жасамағандарын дәлелдеуге тиіс", — деп атап өтті Мамбетов. 

Ойын түйіндей келе, Пекинде өткен 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық спорт сүйер қауымнан спортшыларды айыптауға асықпай, "олардың халық пен ел қызметіне жұмсайтын еңбегіне, төккен теріне, жұмсаған денсаулығына құрметпен қарауын" сұрайды.


Жаңалықтар
0