АСТАНА, 9 жел – Sputnik. "Халық сүйіктісі" ұлттық марапаттауының аясында "Ер жүрек" сыйлығы Астана-Щучинск тас жолында өз өмірін құрбан еткен Құмарбек Жәкетайдың туған-туыстарына беріледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі.
"Бұл өте құрметті марапаттау. Осымен үшінші жыл ұсынылып отыр. Бірінші жылы өрт сөндірушіге берілді, екінші жылы – депутат Бақытбек Смағұловқа ұсынылды. Биылғы жылы кімге ұсынарымызды ойланып жатқанда, қайғылы оқиға орын алып, әділ қазылар бір ауыздан шешім қабылдады. Бұл сыйлықты Құмарбек Жәкетайдың отбасына ұсынғымыз келеді. Сондай-ақ, аукционнан түскен қаражаттың бір бөлігін марқұмның жанұясына береміз", — деп хабарлады марапаттау ұйымдастырушысы Ғалым Байтүк Sputnik Қазақстан агенттігіне.