Қоғам

Сейітқазы және Әсет Матаевтарға шығарылған негізгі үкім өзгеріссіз қалды

© Photo : Daniel BoneСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басқару қызметтерін орындауға салынған тыйым өмір бойы мерзімінен 10 жылға дейін қысқартылды.

АСТАНА, 9 жел – Sputnik. Апелляциялық сот коллегиясы Сейітқазы және Әсет Матаевтарды бас бостандығынан айыру негізгі үкімін өзгеріссіз қалдырып, қосымша бөлігін ғана өзгертті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігінің тілшісі.

Сейітқазы Матаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сейітқазы Матаевқа рақымшылық берілуі мүмкін, бірақ ол оған үміт артпайды

"Сот бас бостандығынан айыру жазасы ретінде дұрыс үкім шығарған… Мазмұндалғандардың негізінде, апелляциялық сот коллегиясы қаулы қабылдады: Астана қаласы Есіл ауданы №2 аудандық сотының 2016 жылы үшінші қазанда Матаев Сейітқазы Бейзенғазыұлы, Матаев Әсет Сейітқазыұлына шығарылған үкім өзгертілсін: Матаев Сейітқазы мен Матаев Әсетке тағайындалған мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда ұымдастыру-басқару және материалдық жауапкершілік функцияларын атқаруға қатысты басқару қызметтерін орындау құқығына өмір бойына тыйым салынған қосымша жаза мерзімі 10 жылға қысқартылады", — деп судья Алма Есімова шешімді оқыды. 

"Үкімнің қалған бөлігіне өзгертулер енгізілмейді, прокурордың апелляциялық наразылығы қанағаттандырылады. Сотталғандардың, қорғаушылар мен адвокаттардың, сондай-ақ Әсет Матаевтың апелляциялық шағымы өзгертусіз қалады. Қаулы 2016 жылы 9 желтоқсанда заңды күшіне енеді", — деді судья.

Сот шешімі оқылғаннан кейін Сейітқазы Матаевтың жұбайы Баян Рамазанова Қазақстанды "21 ғасырға еш қатысы жоқ, полицей мемлекеті" деп санайтындығын айтты.

Жаңалықтар
0