Мәдениет

Қарақат жұбайына тоқал іздеуі туралы бар шындықты айтып берді

© Photo : Instagram Каракат АбильдинойӘнші Қарақат
Әнші Қарақат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан эстрадасының жұлдызы Қарақат Әбілдина жұбайы Қыдырәлі Болмановқа тоқал іздегені туралы бар шындықты айтып берді.

АСТАНА, 9 жел – Sputnik. Қазнет қазақстандық жұлдыздар Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның "маркетингтік қадамын" қызу талқылауда. Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында танымал әнші жарты жыл бұрын жұбайына не үшін тоқал іздегені туралы айтты.

Макс Бокаев пен Талғат Аянов сот залында - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Атырауда екі "жер белсендісі" Макс Бокаев пен Талғат Аянов сотталды

Биыл көктемде Қарақат Әбілдина ерекше хабарландыру жасап, әлеуметтік желі қолданушыларын таң қалдырған болатын: ол күйеуіне тоқал іздеген еді. Қыдырәлі Болманов жұбайының бұл қылығын өзіне деген ыстық сезімі деп бағалайтындығын әлеуметтік желідегі тыңдармандарына айтқан. 

Жарты жыл өткен соң жұлдызды жұп тоқалдың сырын ашты. Әртістер, осылайша, елдегі тыныштық пен бейбітшілікті сақтамақ болыпты.

"Халық арасында жер мәселесі туындап, көпішілік дүрлігіп жатты. Сол үшін неше түрлі чаттар ашылып, алаңға шығу туралы мәселелер талқыланды. Алда мерекелер келе жатқан еді – біздің жеке концерттеріміз, басқа да концерттер. Бүкіл халық мереке туралы ұмытып, митингке шығуға әзірленіп жатты. Өзімнің ұялы телефонымда әр түрлі қалаларда құрылған төрт-бес чат болды, ол жерде жастар мен өнер адамдарының жазғанын оқығанда, жүрегіңе қорқыныш ұяламай қоймайтын еді", — деді Қарақат Әбілдина  Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында.

Әншінің айтуынша, жер митингілері жұлдызды жұптың жоспарланған концерттеріне кедергі келтіруі мүмкін болатын.

Қазақстаннан келген режиссер Гүлназ Балпеисова - Sputnik Қазақстан
Қазақстандық ауылдан шыққан қыз Мәскеуде режиссер болды

"Стадионда алғаш рет концерт беретін едік. Оның үстіне, шетелдік әншілерді шақырмай, өз күшімізбен аншлаг жинайық дегенбіз. Бұл (тоқал туралы жаңалық) пиар үшін жасалғаны анық, әрине. Концертті белгілеп қойғанбыз, оған қаншама қаражат кеткенін өздеріңіз де білесіздер. Аяқ астынан соғыс басталып кетсе немесе тағы бірдеңе болса, кімге жақсылық келер еді?", — дейді Қарақат.

Бұл жағдайда, әншінің сөзіне сүйенсек, бәрін өз қолдарына алып, шара қолданбасқа амал болмады.

"Ешкімге зияны тимейтіндей бірдеңе ойлап табу керек болды.Және бұл әрекетіміз өз нәтижесін берді, халық жер мәселесін тастап, Қыдырәлі екеуміздің арақатынасымызды талқылай бастады. Адамдар маған неше түрлі жағымсыз дүниелерді жазды, бір күн ішінде 500 адамға тосқауыл қоюыма тура келді. Төрт-бес күндей біз туралы айтылып жүрді, есесіне жер туралы мәселе ұмыт болды", — деп еске алады әнші.

Қарақаттың айтуынша, отбасында бәрі жақсы. "Біз тіпті ұрыспаймыз да, арамызда ешқандай кикілжің жоқ", — деп ойын қорытты жұлдыз. 

Жаңалықтар
0